«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қазақстанда әлеуметтік қызметкерлердің еңбекақысы 2 есеге өседі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстанда 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік сала қызметкерлерінің лауазымдық жалақысы 50 пайызға өсті. 2022 жылы лауазымдық жалақы 25 пайызға, ал 2023 жылы тағы 25 пайызға өседі. Бұл мақсатқа мемлекеттік бюджеттен алдағы үш жылға 95 млрд теңге бөлінді.

Үкіметтің 12 қаңтарда өткен отырысы аясында «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулы қабылданды, оған сәйкес өз қызметін стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде (бұдан әрі – МӘМ), үйде қызмет көрсету ұйымдарында, уақытша болу ұйымдарында және жұмыспен қамту орталықтарында жүзеге асыратын басшы құрам мен негізгі персоналдың (әлеуметтік қызметкерлер, педагогтар, медицина қызметкерлері және т.б.) лауазымдық жалақысын үш жыл ішінде арттыру көзделген.
Осы мәселені іске асыру әлеуметтік қорғау қызметкерлерінің еңбекақы деңгейін білім беру және денсаулық сақтау салалары қызметкерлерінің жалақысына жақындатуға мүмкіндік береді, бұл кадрларды сақтауға және халыққа сапалы әлеуметтік қызмет көрсетуге ықпал ететін болады.


https://egemen.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp