Құрметті солтүстікқазақстандықтар!
«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны облыстық филиалының мамандары 14 қаңтар күні өңірімізде -38 градусқа дейін қатты аяз болуы мүмкін екенін ескертеді. Кейбір жерлерде тұман түсуі ықтимал.
Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент тұрғындардың қалыпты тіршілігін сақтау және төтенше жағдайдың алдын алу үшін қауіпсіздік шараларын қолдануды ұсынады.
Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің
ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы.
Сурет: https://www.gorkiv.by/