«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖӘРДЕМАҚЫ МЕН ЗЕЙНЕТАҚЫ КӨЛЕМІ АРТТЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Үкімет белгілеген тәртіп пен қолданыстағы заңнамаға сәйкес зейнетақы төлемдерінің көлемі жыл сайын көбейтіліп отырады. Биыл әлеуметтік төлемнің бұл түрі былтырғы жылғымен салыстырғанда 7 пайызға артты. Сөйтіп, облыс аумағында тұратын 103 мыңнан астам зейнеткер қаңтар айында өсірілген мөлшердегі зейнетақыларын алып үлгерді.

Арнайы заңға сәйкес 1 қаңтардан ең төменгі зейнетақы төлемі – 43272, ең төменгі базалық зейнетақы төлемі – 18524, күнкөріс деңгейінің ең төменгі шегі 34302, ал айлық есептік көрсеткіш 2917 теңгені құрады. Зейнетақы төлемін есептеу барысында қолданылатын максималды табыс 134182 теңгеге тұрақтады.
Күнкөріс деңгейінің ең төменгі шегінің өзгеруіне байланысты мемлекеттік базалық зейнетақы, мүгедектігі және асыраушысынан айырылу бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшерлері 5 пайызға артты. Мысалы, жалпы аурулар бойынша бірінші топ мүгедектігі бойынша жәрдемақы мөлшері былтыр 62723 теңгені құраса, биыл ол 65860 теңгеге жетті.
Мемлекеттік арнайы жәрдемақылар көлемі де өсті. Биыл нәрестенің тууына байланысты біржолғы және сәби бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне тағайындалатын әлеуметтік төлем кезінде 2917 теңге мөлшеріндегі айлық есептік көрсеткіш қолданылатын болды. Яғни 1, 2 және 3 бала туған кезде төленетін біржолғы жәрдемақы 38 айлық есептік көрсеткішке тең немесе 110846 теңге. Ал 4 және одан көп бала туғандар үшін оның сомасы 63 айлық есептік көрсеткішке яғни 183771 теңгеге тұрақтады.
Қамқорлығында мүмкіндігі шектеулі баласы бар ата-аналарға төленетін жәрдемақы күнкөріс минимумының өзгеруіне байланысты 5 пайызға жоғарылап, 48023 теңгені құрады. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp