1966 жылдың жазы болатын. Тың өлкесі таратылып, оның құрамында болған бес облыста бұрын жабылып қалған газеттер қайта шыға бастаған кез еді. Кеңшардың комсомол ұйымының хатшысы қызметінен облыстық “Ленин туы” (қазіргі “Soltústik Qazaqstan”) газеті редакциясына ауысып келгенмін. Газет редакторы Құрмантай Меңдіғожин мені еңбекшілер хаттары және бұқаралық жұмыс бөліміне әдеби қызметкер етіп тағайындаған. Редакцияға келген хаттардың бәрі осы бөлімге түседі. Шағымдарды тексеру де, негізінен, осы бөлім қызметкерлерінің міндеті. Ол үшін шағымданушымен кездесіп, тиісті органдардың өкілдерін қатыстыра отырып тексересің, мән-жайды анықтап, кімнің ақ, кімнің қара екеніне сараптама жасап, қажет болса мақала жазып, газетте жариялайсың.
Әрине, ауылдан хат-хабар ғана жазып, олардың газет бетіне шыққанына қуанып, алған азын-аулақ қаламақыға мәз болып, шала байып қалатын адамға редакцияның жұмысына бірден төселіп кету оңай емес еді. Сонда да бар ынтаңды салып, уақытпен санаспай еңбек етсең алынбайтын қамал болмайды екен. Аз ғана уақытта жазуға төселе бастадым. Тіпті, іссапарға шығып, көлемді материалдар жазуға бел буатын болдым. Сөйтіп, журналистиканың қыр-сырын енді меңгере бастаған шағым еді. Бір күні редакцияға бір ер адам мен қыз келді. Шағымдана келіпті. Ондай адамдарды қабылдайтын, әрине, еңбекшілер хаттары және бұқаралық жұмыс бөлімі.
Мақаланың толық нұсқасын газетіміздің бүгінгі санынан оқи аласыздар.