“Jastar Hokei Ligasy” атты ел біріншілігінің кезекті тур ойындары аясында жергілікті “Qulager” командасы рудныйлық “Gornák”-пен кездесті.
5:3 есебімен аяқталған бірінші матчта команда капитаны Андрей Фролов қарсылас қақпасына қатарынан екі шайба тоғытуымен көзге түсті. Ал қарымта ойын жерлестеріміз үшін, тіпті, тамаша өтті. Бұл сында біздің хоккейшілер зымырандай зулап, рудныйлықтарды 9:5 есебімен ойсырата жеңді. Бұл жолы Андрей Фролов тағы да ерлеп, хеттрик авторы атанса, Антон Свириденко нысананы екі рет дәл көздеді.
Қоржынында 18 ұпайы бар “Qulager” турнир кестесінде сегізінші орында келеді.
Нұржан СЕЙІЛБЕКОВ.
“Soltústik Qazaqstan”.
Сурет: https://inbusiness.kz/