«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАЗАЛЫҚ — ТАЗА ЖҮРЕКТЕН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Біз бәріміз климаттың өзгеруінің, кейбір жануарлар мен өсімдіктердің жойылуының куәгері болып жүрміз. Сондықтан қоршаған ортаға қамқорлық таныту маңызды. Бұл ретте «Волонтер жылы» аясында экологияны қорғау жеке бір тармақ ретінде қарастырылғаны қуантты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолда­уында экологиялық ахуалды жақсарту керектігін айтқан болатын. “Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық даму – еліміз үшін алдыңғы кезекте тұрған мәселе. Бүкіл өркениетті әлем жұртшылығы осы мәселемен айналысуда. Бізге де мұндай жаппай үрдістен шет қалуға болмайды”, – деген еді Президентіміз.
Менің волонтерлік қызметпен айналысуыма коронавирус пандемиясы түрткі болды. Өзім журна­лист болғандықтан, экологиялық белсенділігімді мамандығыммен байланыстыруды жөн көрдім. Өткен жылдың сәуір айында қатаң карантин уақытында ауылда болып, “Taza júrek: от чистого сердца” атты жаңа жобаны ойлап таптым. Нәтижесінде “Волонтер жылы” аясында “Таза әлем” бағыты бойынша шағын грант ұтып алып, “7 күн – 7 экоәдет” атты экологиялық реалити-шоу түсіре бастадым. Жоба аясында қатысушылар суды және электр қуатын үнемдеуді, қоқысты сұрыптауды, жалпы табиғатпен үйлесімділікте өмір сүруді үйренуде. Мәселен, реалити-шоудың бірінші шығарылымы алғашқы экоәдет – суды үнемдеуге арналды. Біз күніне, айына, одан қалды жылына қанша литр су жұмсайтынымызға мән бере қоймаймыз. Сондықтан біз реалити-шоуға қатысушылардың суды қалай шығындамай жұмсайтынын тексеріп көрдік. Таңғы жуыну, ыдыс жуу сияқты әрекеттерге назар аудардық. Өйткені, бүгінгі таңда ауызсуға зәру елді мекендер бар. Ал екінші шығарылым қоқысты сұрыптауға арналды. Қатысушылар үйлерінде жиналған қалдықтарды бөлек жәшіктерге салуды үйренді. Алдағы уақытта бұл жоба жалғасын табады. Оған қоса волонтерлермен бірге Петропавлдың лас­танған жерлерін анықтап, қоғамдық орындарға қолданылған медициналық бетперделерді жинауға арналған қоқыс жәшіктерін қойдық. Қоршаған ортаны қорғауға үндейтін арнаулы тақтайшалар орнаттық. Нәтижесінде бұл экожобаның арқасында экомәдениетті насихаттайтын адамдар саны артты.
Мақаланың толық нұсқасын газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp