Ауыл – ұлтымыздың құндылықтары тоғысқан алтын бесік. Салт пен дәстүрдің түпкі темірқазығы да осында, береке мен байлықтың бастауы да ауылда. Төрт түлігін түлетіп, егінін өсіріп, шаруасын шайқалтпаған ауылдар қандай ажарлы?! Өкінішке қарай, кейінгі жылдары бүтін бір елдің асыраушысы, қайнаған еңбек пен ұлттық руханияттың қайнар көзіндей болған, табиғаты көркем, топырағы құнарлы, айдынында балығы тайдай тулаған, орман-тоғайының бауыры жеміс-жидекке толы Айыртау өңірінде көптеген ауылдар жойылып кеткен еді. Сондай елді мекендердің бірі – Казанка ауылдық округіне қарасты Прекрасное ауылы болатын.
Кеңес заманында Прекрасное ауылы Заветы Ильича деп аталған кеңшардың №2 бөлімшесі болған. Кейін тұрғындары жан-жаққа көшіп кетті. Осыдан тоғыз жыл бұрын Бақыт Мәжитұлы Құсайынов өзінің туған ауылын қайта түлетуге бел буады. Себебі, оның отбасының бүкіл тарихы осы ауылмен тығыз байланысты. Ата-анасы осында тұрған. Әкесі Мәжит Құсайынов сол кезде кеңшарда механизатор болып жұмыс істесе, анасы Қуаныш Құсайынова киелі топырақта 11 бала тәрбиелеп өсірген батыр ана еді.
Мақаланың толық нұсқасын газетіміздің бүгінгі санынан оқи аласыздар.