2021 жылдың 13 қаңтарында халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат жарияланды.
2021 жылғы 13 қаңтарында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Нидерланды, Корея, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, РФ, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 16 халықаралық әуе рейсі келді.
1 379 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 190 адам, анықтамасыз 189 ҚР азаматтары келді.
Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 6 рейс, 610 жолаушы, анықтамамен – 570, анықтамасыз – 40;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 5 рейс, 540 жолаушы, анықтамамен – 391, анықтамасыз – 149;
Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 132 жолаушы анықтамамен келді;
Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, 97 жолаушы анықтамамен келді.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.
2021 жылдың 12 қаңтарында анықтамасыз келген 94 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша Дубай – Алматы рейсімен келген 2 жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды.
https://egemen.kz