Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының парламенттік фракциясының отырысында Нұрлан Нығматулиннің кандидатурасын Парламент Мәжілісіндегі партия фракциясының жетекшісі қызметіне ұсынды. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында жазды.
«Фракция отырысы барысында «Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрлан Нығматулиннің кандидатурасын Парламент Мәжілісіндегі партия фракциясының жетекшісі қызметіне ұсынды», деп жазды А. Үкібай.
https://egemen.kz