«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СЫРҚАТТАНҒАНДАРДЫҢ ДЕНІ – АЛПЫСТАН АСҚАНДАР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Соңғы күндері коронавирустық инфекцияға шалдыққандар қатары біршама артты. Бұл туралы баспасөз конференциясында облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Арман Күшбасов хабарлады.

 13 қаңтардағы жағдай бойынша облыс аумағында КВИ жұқтырғандар саны 9350-ге жетті. 17 пайызы немесе 1582 жағдай науқастарды профилактикалық тексеру, 60 пайызы немесе 5665 жағдай өздігінен медициналық мекемеге жүгіну нәтижесінде анықталған.
Өткен тәулікте 59 науқасқа КВИ диагнозы қойылды. Жаңа жағдайлар:Петропавлда – 12, Ақжарда – 11, Шал ақында – 10, Есілде – 8, Жамбыл, Тайынша және Айыртауда – 4, Аққайыңда – 3, Мамлют, Қызылжар және Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда – 1 науқас тіркелді. Ауру жұқтырғандардың дені 60 жастан асқан азаматтар (28 пайызы). 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp