«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қарағандыдағы Ленин шахтасында жарылыс болды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Кеше кешкісін «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаментіне қарасты Ленин атындағы шахтада жарылыс болды.

Бұрғылау жұмыстары кезінде газ бен көмір қосындысы атылған. Бұрғылаушылар бригадасы апат болған жерден кетіп үлгергенімен, бұрғылау қондырғысының машинисі кенжардан шыға алмапты. Оқыс оқиға болған кезде жер астында 3-ші ауысымның 137 қызметкері болған. Олардың 136-сы жер бетіне шығарылды.
Қазіргі уақытта апатты жою жоспары іске қосылып, оқиға болған жерде «РЦШП ВАСС» ЖШС Қарағанды филиалының апаттық-құтқару қызметі жұмыс істеуде. Аппаратураның көрсеткіштеріне сәйкес, шахтаның тау-кен қазбаларындағы газ жағдайы қалыпқа келтірілген.
Ленин атындағы шахтада болған жазатайым оқиға фактісі бойынша Қарағанды облыстық бас мемлекеттік еңбек инспекторының өкімімен комиссия құрылды. Оған өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган өкілі төрағалық етеді.
Комиссия құрамына мемлекеттік еңбек инспекторы, кәсіподақ ұйымының өкілі және жұмыс беруші енгізілген. Оқиғаның мән-жайы мен себептері жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін айқындалып, ол туралы қосымша хабарланатын болады.
Еске салар болсақ, тура осы шахтада 2006 жылы жойқын апат болып, соның салдарынан 41 кенші қаза тапқан болатын.


  https://egemen.kz 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp