Қарақал – шөлейтті, шөлді аймақтарды мекендейтін мысық тұқымдас жыртқыш аң. Сырт тұлғасы сілеусінге ұқсас бұл аңды “қарақұлақ” деп те атайды.
Оның дене тұрқының ұзындығы – 65-80 см., құйрығының ұзындығы – 25-30 см. Ал салмағы – 8-17 килограмм. Түнде белсенді тіршілік етіп, шөлді жерлердегі құм қояндарымен, ұсақ кемірушілермен, қосаяқтармен, саршұнақтармен, бауырымен жорғалаушылармен қоректенеді. Өздері ін қазғаннан гөрі жайранның, түлкінің індерін бірнеше жыл қатарынан пайдалануға әуес. Қарақал елімізде тек Маңғыстау өңірінде ғана кездеседі. Саны аз және таралу аумағы шағын аймақтарды қамтитын болғандықтан, Халықаралық табиғат қорғау одағының және Қазақстанның Қызыл кітабына (2010) енген.