Короновирустық пандемия салдарынан қайтыс болған адамдар саны Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарынан бері есептегенде адам өлімінің ең жоғарғы деңгейіне жетті.
Ұлыбританияда 2020 жылы шамамен 697000 өлім жағдайы тіркелді. Бұл соңғы бес жылда орта есеппен 85000 адамға көп. Яғни салыстырмалы түрде, өлім саны 14%-ға өскенін көрсетеді, бұл 75 жыл ішіндегі өлім-жітімнің ең үлкен өсімі.
Халықтың жасы мен саны өсуі ескерілгенде, 2020 жылы 2000 жылдардан бері халық өлімі ең жоғары деңгейге жетіп отыр.
Аталған деректерде тек қараша айына дейін болған жағдайлар қарастырылды. Демек желтоқсандағы өлім саны ескерілмеген. Дегенмен бұл деректер осы жағдайдағы өлім деңгейі Англияда 2008 жылдан бері ең жоғары көрсеткіш екенін аңғартады.
https://egemen.kz