«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Шетелден ұшып келген 2 қазақстандықтан коронавирус анықталды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің мәліметіне сәйкес, шетелден ұшып келген екі қазақстандықтан коронавирус анықталды.

Өткен тәулікте Қазақстан Республикасының аумағына Нидерланды, Мальдив Республикасы, БАӘ, Египет, Түркия, Ресей Федерациясы және Өзбекстаннан 13 халықаралық әуе рейсі келді.
2 053 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 773 адам, анықтамасыз 280 ҚР азаматтары келді.
Оның ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 6 рейс, 750 жолаушы, анықтамамен – 644, анықтамасыз – 106;
Алматы қаласының әуежайына – 5 рейс, 1 095 жолаушы, анықтамамен – 948, анықтамасыз – 147;
Атырау қаласының әуежайына – 2 рейс, 208 жолаушы, анықтамамен – 181, анықтамасыз – 27.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.
2021 жылдың 13 қаңтарында анықтамасыз келген 94 ҚР азаматтарының ПТР-талдауларының нәтижелері бойынша екі жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды. Олардың ішінде бір жолаушы Дубай – Нұр-Сұлтан рейсімен, тағы бір жолаушы Шарм-эль-Шейх – Нұр-Сұлтан рейсімен келген.


 https://egemen.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp