Ресейдің еврей қауымдастықтары федерациясы қоғамдық кеңесінің басшысы Борух Горин «Ералаш» әзіл-сықақ журналының көркемдік жетекшісі Борис Грачевскийдің коронавирустан қайтыс болғанын хабарлады.
«Ералаш» авторы желтоқсан айының соңында Мәскеудегі №52 ауруханаға COVID-19 диагнозымен ауыр халде жатқызылды. Кейінірек ол жансақтау бөліміне ауыстырылып, 72 жасқа қараған шағында көз жұмды.
Борис Грачевский – әйгілі режиссер, қаламы қарымды сценарист, сондай-ақ «Ералаш» киножурналының көркемдік жетекшісі болған. Ол «Крыша» және «Между нотами или тантриальная симфония» фильмдерінің, сонымен қатар бірнеше деректі фильмнің авторы.
https://egemen.kz