«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАЗА ҚАТАҢ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Ернар Баянғазиннің қатысуымен өткен онлайн брифингте парақорлық секілді қоғамды алаңдатып отырған кеселді еңсеру, жазалау шараларын күшейту мәселелері жан-жақты сөз болды. Спикер пара беру және парақорлыққа делдал болу, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу үшін жауапкершілікті арттыру бағытында қабылданған заң нормаларына кеңінен тоқталды.

«Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлағаны үшін азаматтарды көтермелеудің жаңа жүйесі қабылданып, мемлекеттік қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің сыйлықтар алуына тыйым салынды. Бұл – Президент қол қойған қоғамдық індетке қарсы күрес пәрмендігін одан әрі арттыруға бағытталған заң талаптары», – деген Ернар Ерболұлы бұл тәсіл халықаралық озық тәжірибелермен толық қабысатынын жеткізді.
Соңғы екі жылдың ішінде республика бойынша пара берудің 480, парақорлыққа делдал болудың 37, бизнеске заңсыз араласудың 713 фактісі тіркелген. Айыппұлдардың еселенген түрін қосқанда, пара берушілер мен делдалдар соңғы екі жылда бюджетке 600 млн. теңгеге жуық қаржыны қайтарған. Облыста 2019 жылы 32 млн.теңге пара алғаны үшін 6 адам, 59 млн.теңге пара бергені үшін 9 адам, делдалдық қылғаны үшін 1 адам сотталды. 2020 жылы сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін 17 адам істі болса. 12-не 96 млн. теңге мөлшерінде айыппұл салынды. 7 адам 82,2 млн. теңге пара алған. 2-уі 9,7 млн. теңге пара берген. 2 жыл ішінде бюджетке 70 млн. теңге төлеу жөнінде үкім шығарылған.
Қылмыстық кодекстің 367-бабының 2-бөлігінде көзделгендей, айтарлықтай мөлшерде пара беру қылмысы үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылып, бұл әрекет орташа ауыр қылмыс деп танылатын. Жаңа редакцияға сәйкес, жазаның жоғарғы шегі 7 жылға дейін ұлғайтылып, ауыр құқықтық салдары бар санатқа жатқызылды. Яғни, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылмайды. Жазаны бірден қауіпсіздігі төмен қоныс-колониясында өтей алмайды. Сонымен қатар бас бостандығынан айыру мерзімдерінің ұлғаюынан басқа, пара бергені және парақорлыққа делдал болғаны үшін айыппұл мөлшері де бірнеше есе өсті. Делдалдар үшін де айыппұл көлемі екі есе көбейтілді.
Президент өз Жолдауында мемлекеттік құрылымдардың кәсіпкерлердің жұмысына кедергі жасау мемлекетке қарсы ауыр қылмыс ретінде қабылдануы тиістілігін атап көрсеткен болатын. Спикер құқық қорғау органдарының қызметкерлері кәсіпкерлікке заңсыз араласса, екі жылдың орнына бес жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкіндігін ескертті. Құқық қорғау органдарының басшылары мен судьялардың осындай әрекеттері 8 жылға дейін сотталуға әкеп соқтырады.
2018 жылдан бастап агенттік Сыртқы істер министрлігімен, «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, бизнес пен инвестицияларды қорғаудың арнайы жобасын жүзеге асырып келеді. Бұл жүйе кәсіпкерлерді ықтимал қысымдардан, заңсыз сыйақы талаптарынан қорғауға бағытталған. «Бизнесті және инвестицияларды қорғау» жобасы шеңберінде департамент 11 жергілікті және шетелдік инвесторлармен 36,472 млрд.теңгенің келісімін жасады. Бүгінге дейін түрлі мәселелермен 84 кәсіпкер жүгінді. 67-нің проблемалары оң шешімін тапты. Былтыр щағын және орта бизнес субьектілерінің қызметіне заңсыз араласудың 10 фактісі анықталды.


 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp