«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мемлекет басшысы еліміздің қазіргі кезеңдегі басты міндетін атады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 7-ші шақырылған Парламенттің 1-ші сессиясында еліміздің пандемияның ауыр салдарын еңсеріп келе  жатқанын айтты.

«Біз ғана емес, күллі дүние жүзі мүлде жаңа дәуірге бет бұрды. Өркениеттің даму жолы мен әлемдік құрылымның түп негізі түбегейлі өзгеріске ұшырауда. Алдымызда сынақтар мен сын-қатерлер аз болмайды. Дегенмен барлығымыздың ең басты міндетіміз – пандемияның салдарын еңсеру», дейді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қазақстан Президенті ХХІ ғасырдың 21 жылы барша адамзат үшін бетбұрыс кезеңіне айналатынын алға тартады.
«Бұл жыл алдағы онжылдықтың басты бағдарын айқындайды. Мұндай күрделі жағдайда уақыттан ұтылуға және бір сәтке де босаңсуға болмайды», дейді Президент.


https://egemen.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp