Жетінші шақырылған Парламенттің алғашқы отырысында Президент Қасым Жомарт Тоқаев Мәжіліс пен мәслихаттарға білікті, абыройлы адамдар келгенін айтты.
«Өткен сайлау саяси бәсекені арттыруға оң ықпал етті. Мәжіліс пен мәслихаттарға білікті, абыройлы адамдар келді. Бұған партиялық тізімде әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық квота белгілеу арқылы қол жеткіздік», деді Қ.Тоқаев.
https://egemen.kz