Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қоғам арасында бала құқықтарын қорғау жөніндегі ауқымды мәселелерді шешу керектігін баса айтты.
«Біз бала құқықтарын қорғау жөніндегі ауқымды мәселелерді шешуге тиіспіз. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, балалар арасындағы суицид пен буллингтің алдын алу үшін мемлекеттік бақылауды күшейтіп, тиімді тетіктерді қарастырған жөн», дейді Президент.
Осыған орай Мемлекет басшысы тиісті заңдардың күшіне енгенін талап етеді.
«Менің негізгі ұстанымым – қоғамдағы барлық өзекті мәселелер, ең алдымен, Парламентте талқылануға тиіс. Қоғам өкілдері мен сарапшылар заң жобаларын дайындау ісіне барынша атсалысуы керек», дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.
https://egemen.kz