«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Кітап қоры толықпақ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Аудандық және қалалық білім бөлімдері басшыларының қатысуымен онлайн кездесу өтіп, бірнеше мәселе талқыланды. Жиында Есіл және Тайынша аудандары білім бөлімдерінің жетекшілері Гүлмира Дәуітбаева мен Гүлнар Игібаева Қазақстан Республикасында 2020-2025 жылдарға арналған білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының орындалуы туралы есеп берді.

Білім басқармасы басшысының орынбасары Владимир Ткаченко “Оқу мектебі” жобасының жүзеге асырылуы жайлы хабарлама жасады. Бүгінде мектеп кітапханаларында көркем әдебиеттер қоры 1,4 млн. дананы құрайды. Соңғы 5 жылда 88 мың кітаппен толыққан. Былтыр 78 млн. теңгенің 45 мың әдеби туындылары жеткізілген. Биыл 289 млн. теңгеге 73 мың дана көркем шығарма сатып алынады.
Білім басқармасының басшысы Гүлмира Кәрімова ұлттың оқу мәдениетін көтеруге бағытталған “Оқу мектебі” жобасына ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған жоба мектеп кітапханаларын жаңарту және кітапхана қорын көркем әдебиетпен толықтыру мақсатын діттейді.
Басқарманың бөлім жетекшісі Валентина Черных 11-сынып оқушыларының қаңтар айында өтетін ҰБТ-ға дайындығына тоқталды. 3405 түлектің 2147-і тест тапсыруға өтініш берген. Сынақ 20 қаңтарда басталып, 5 ақпанда аяқталады. 7 емтихан қабылдау пункті ұйымдастырылады.
Жансая ҚАЙЫПОВА,
облыстық білім басқармасының баспасөз хатшысы. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp