«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Безбүйрек әке

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қызылжар ауданының тұр­ғы­ны өз баласына үш миллион теңге берешек. Ата-аналық борышын атқармағаны үшін сот бір жылға бас бостандығынан айырды.

Ер-азамат алимент төлемес үшін ресми түрде жұмысқа орналаспаған. Балаға көмектесуден қашқақтап, бұл мәселе бойынша бұрынғы зайыбының талап-тілекте­ріне де құлақ аспапты. 2017 жы­лы Қызылжар аудандық сотының шешімімен ол әкімшілік жауапқа тартылып, бір тәулікке қамауға алынған. Алайда, борышкер сабақ алмаған. Бұдан соң сот жауапсыз әкені қылмыстық жауапкершілікке тартуды жөн санаған.
Ер-азамат жазасын өтеу мерзімінде жұмыс істеп, табыс табуға міндеттелді. Осындай шаралардан соң ғана ол өзінің әкелік міндеттерін атқаруға кірісіп, алимент төлей бастаған.

Кәмел ОМАРҚЫЗЫ.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp