«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тамшыдай мейірім

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Адамзат қандай игі іс болса да оны алдымен балалар, болашақ ұрпақтың игілігі үшін жасайды емес пе?! Өйткені, балғындар – көзіміздің нұры, еліміздің ертеңі. “Періште жүрегі” қоғамдық қайы­рымдылық қоры бірнеше жылдан бері науқас, аз қамтылған және асыраушысынан айырылған балалар үшін түрлі шаралар ұйымдастырып, шама-шарқынша мұқтаж отбасыларға көмектесіп келеді. Қор белсенділері биыл да үй-үйді аралап, бүлдіршіндерге қуаныш сыйлады.

Жыл басында жүрегі жомарт жан­дар облыс орталығында тұратын 20-ға жуық шаңырақта болып, балаларды Жаңа жылмен құттықтады. Жыл сайынғы үрдіспен қаңтар айының алғашқы онкүндігінде қор мамандары “Тамшы мейірім” акциясын ұйымдастырып, бүлдіршіндерге сый-сияпат жасады.
Қайырымдылық қоры аз қамтылған отбасыларға азық-түлік үлестіріп, балалардың бөлмелерін түрлі ойыншықтармен толтырды, қажетті жиһаздар мен төсек жабдықтарын, басқа да керекті тұрмыстық заттарды сыйға тартты. Осылайша қайырымды жандар сәл де болса науқас балалардың көңілін аулап, қуаныш сыйлауға барын салды.
Ұл-қыздарына жасалған сый-сияпат­ты ата-аналар қуана қабыл алды. Көпбалалы ата-аналар қор директоры Гүлжан Қанатқа ризашылығын білдірді. “Туған күндер, атаулы мерекелер осы қорсыз өтпейді. Тәттілерге қарық боламыз. Қызым қолындағы алтын сақинасын “Гүлжан апам әперді”, – деп айнаға қараған сайын айтады. Міне, осындай кең жүректі, жанашыр азаматтар арамызда көп болсыншы”, – дейді олар.

Кәмел ОМАРҚЫЗЫ.   

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp