«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАЛАМГЕРГЕ — ҚҰРМЕТ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бір ғасырлық тарихы бар “Soltústik Qazaqstan” газетінің қабырғасында қазақ сөз өнерінің талай майталмандары қызмет етті. Мағжан, Смағұлдар салып кеткен сол сара жол әлі де жалғасып келеді. Журналист, ақын Нұрсайын Шәріптің де қарт басылымның қат-қабат беттерінде өзіндік қолтаңбасы бар. Жақында 70 жастың белесіне шыққан бұрынғы әріптесімізді редакцияға шақырып, азын-аулақ құрмет көрсетудің сәті түсті.

Нұрсайын Әбуұлы еңбек жо­лын өзі туып-өскен Мамлют ау­да­нындағы Бостандық ауылын­да мұғалімдіктен бастап, мектеп директорының орынбасары, Ан­дреев ауылдық кеңесінің төраға­сы, облыстық тіл комитетінің бас маманы қызметтерін атқарды. Жас­тайынан өлең-жырға әуес бо­лып өскен оның кейінгі тағдыры журналистикамен тығыз байла­нысты. Қазіргі “Qyzyljar” телеар­на­сында 11 жыл, “Soltústik Qa­zaq­stan” газетінде 9 жыл та­быс­ты еңбек етті. Газетте әлеумет жә­не экономика бөлімдерінің ре­дак­торы болып, қоғамның өзекті тақырыптарына жүздеген мақа­ла жазды. Зейнет жасына жетсе де қаламын тастамаған Нұрса­йын Әбуұлы – қазіргі таңда “Qa­zaqstan dáýiri” республикалық га­зетінің облыстағы меншікті тіл­шісі.
“Қызылжар-Ақпарат” ЖШС-нің директоры Жарасбай Сүлей­менов мерейтой иесін 70-ке тол­ған туған күнімен құттықтап, өзі­нің ақ тілегін арнады. Аузын аш­са жүрегі көрінетін ақжарқын мі­незімен ұжымға сыйлы болған қа­ламгердің адамгершілігі, еңбек­қорлығы кейінгі жас буынға үлгі екенін жеткізді. Кездесуге қатыс­қан газет қызметкерлері де жүрек түбінен шыққан жылы сөздерін айтып, құттықтауларын жолдап жатты.
Нұрсайын Шәріп қарымды жур­налист қана емес, арқалы ақын екенін “Soltústik Qazaqstan” газетінің оқырмандары жақсы бі­ле­ді. Себебі, жаңа жырлары ба­сылым бетінде үзбей жарияла­нып тұрады. Мерейтой қарса­ңын­да тұңғыш жинағы жарық көр­ге­нін де сүйіншілей жазған бола­тынбыз. Кездесу соңында автор “Жырлайды жүрек” деп аталатын сол жыр жинағын редакция қыз­меткерлеріне тарту етті.

Ербақыт АМАНТАЙҰЛЫ,
“Soltústik Qazaqstan”. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp