«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қырық шетелдік елден шығарылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Шетелдік азаматтардың Қа­зақ­­станның аумағында болу қа­ғида­ла­рына өзгерістер енгізілді. Мұндай өзгерістерді Қазақстан Респуб­ликасы аумағында коро­на­вирустық инфекцияның пайда болуын және таралуын болдыр­мау жөніндегі ведомствоаралық комиссия енгізген болатын. Жол жүру құжаттарының, тұрақты тұ­ру­ға ықтиярхаттың, Қазақстан Рес­публикасы визаларының, елі­мізде уақытша болуға арналған рұқсаттың қолданылу мерзімдері өткен немесе өтіп бара жатқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың 2021 жылғы 5 мау­сымға дейін елден шығуына рұқ­сат етілді. Олар мемлекеттік ше­карадан өткен кезде әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды.

Елде жүруіне заңды негіз бол­маған жағдайда өз жерлеріне ке­туі тиіс. Елде болу мерзімдері өтіп кеткенімен, ары қарай қалуға заңды негіз болған жағдайда, уа­қытша тұруға немесе қажетті са­наттағы визаға рұқсатты ресім­деу үшін көші-қон қызметіне жүгі­ну қажет. Бұдан бөлек, отбасы­мен бірігу мақсатында елде болу құқығын ресімдейтін шетелдік­тер­ге 2021 жылғы 5 маусымға де­йін соттылығының бар-жоғы ту­ра­лы анықтаманы ұсыну қажет емес. Қазақстанның аумағында бір жылдан астам уақыт болған ең­бек ететін көшіп келушілер бас­тапқы еңбек патенттерін және ел­ден шықпай уақытша болуға рұқ­сатты ресімдеуі қажет.
Талғат ӘБІЛОВ,
облыстық көші-қон қызметі басқармасының бастығы, полиция подполковнигі. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp