«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨНЕР ОРДАСЫНДАҒЫ ОҢ ӨЗГЕРІС Облыстық театр күрделі жөндеуден кейін есігін айқара ашты

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қызылжар жұртшылығы жиі бас сұға­тын руханият ошағы – Николай Погодин атындағы облыстық орыс драма театрына күрделі жөндеу жүргізілді. Адам танымастай өзгерген мәдениет ордасын өңір басшысы Құмар Ақсақалов пен қоғам белсенділері аралап қайтты.

Іргетасы 1972 жылы қаланған театр ғимаратына соң­ғы рет жөндеу жұмыстары 2000 жылдардың басында жүргізілген. Шілде айында бастау ал­ған жөн­деу жұмыстарына республикалық және жергілікті бюджеттен 250 млн. теңге қаржы бөлін­ген. Жоба жетекшісі Болат Әсербековтің ай­туынша, 60-тан астам құрылыс маманы театр ғи­ма­ратының қасбетін, сахнасын, көрермендер за­лын жөндеді. Жаңа жарық шамдары орнатылып, инженерлік желілер ауыстырылды.
– Өткен жылы пандемияға байланысты театрлардың жұмысына шектеу қойылды. Бірақ біз сол уақытты тиімді пайдаланып, көрермендердің эстетикалық-рухани ләззат алуы үшін мәдениет ошағына күрделі жөндеу жүргізуді бастадық. Енді, міне, көздеген мақсатқа қол жеткізіп отырмыз. Жалпы, былтыр мәдениет нысандарын жөндеуге бөлінетін қаражатты 40 пайызға көбейтіп, облыс бойынша 32 ғимаратты күрделі жөндеуден өткіздік, – деді Құмар Іргебайұлы

Нұржан СЕЙІЛБЕКОВ,
“Soltústik Qazaqstan”.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp