«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ИОГА ҮЙІРМЕСІ жүктілік кезіндегі жәрдем

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бүгінде өңірімізде түрлі салаларды бағындырып, сүйікті ісімен айналысып, табысқа кенеліп жүрген жастар аз емес. Иоганы жетік меңгеріп, жеке үйірмесін ашқан қабілетті жастың бірі – Малика Ескендірова.

Қызылжар қаласында дүниеге келген ару бала кезінде омыртқа сырқатына шалдығып, ұзақ емделген. Тұрмысқа шыққан тұста ауруы асқынып, қиындықтарға тап болған. Содан сәбиін өмірге әкелгенге дейін иогамен айналысып, саламатты өмір салтын ұстануға көшкен. Оның бұл ұмтылысы аз уақыт ішінде жақсы нәтиже беріп, алғашқы жүктілігі еш қиындықсыз өткен. Тұңғышы 2 жарым жасқа келгенде Малика өзі сияқты сәби күтіп жүрген әйелдерге арналған иога үйірмесін ашып, сүйікті ісімен айналысып қана қоймай, табысқа кенеле бастайды. Доула мамандығын игеріп, бүгінде жүкті әйелдерге жан-жақты көмек көрсетуде.
“Жаттығу барысында қыз-келіншектердің физикалық белсенділіктерін арттырып, бала туу сәтіне дайындаймыз, жүктіліктен кейінгі ағзаның қалпына келуіне зор мән береміз. Иогамен айналысу түрлі аурулардың алдын алуға және сәбидің дені сау болып тууына да жәрдемдеседі”, – дейді Малика.

СУРЕТТЕ: М.Ескендірова қыздарымен.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp