«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚЫС ҚАТЕРІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қаһарлы қыс мезгілінде үсік шалу оқиғалары жиілей түседі. Жазатайым жағдайдың басты себептері: аязды, боранды күндері аулада, көшеде, жолда қауіпсіздік ережелерін сақтамау.

Әсіресе, қазіргідей суық күндері абай болған жөн. Үсуге суық жел, ауаның ылғалдылығы, су болған әрі тар киім, аяқ киім, қолғап және ағзаның жалпы әлсіздігі әсер етеді. Көбінесе саусақ, башпай, мұрын, құлақ тез үсікке шалдығады. Сондықтан қалың киініп, аяқты жылы ұстау және аяқ киім мен шұлықтың құрғақ болуын әсте естен шығармау қажет. Үлкендер балаларын қадағалап отырмаса, саусақтары, құлағы, беті үсіп қалуы мүмкін. Ондай жағдайда бозарып тұрған жерлерін уқалап, қан жүгірту керек.
Қолды үсік шалғанда, жұдырықты түйіп, жылы киіммен орап, икемге келтіру керек. Егер қолғап ішінде қол тоңса, онда қолды қимылдатқан жөн. Қолды ішке тығып та жылытқан дұрыс. Егер аялдамада көп тұрып қалып, аяқтарыңыз тоңса, орныңызда тұрып қимылдаңыз. Бетті үсік шалса, қармен емес, жұмсақ матамен сүртуге болады. Алғашқы көмек көрсеткенде үсіген адамды бірден жылы жерге кіргізіп, ыстық шай не кофе беру керек. Жансызданған жерін жылы суға малып, ақырын ысқылайды. Содан соң таңып тастайды. Ал ең дұрысы бірден дәрігерге қаралған дұрыс.
Кей адамдар суық күндері жылынамыз деп ішімдікті көп ішеді. Мас адам өзінің тоңғанын білмей қалады. Сол себепті ауруханаға да уақытында қаралмайды. Үсік шалып, ауруы әбден асқынған кезде ғана келеді. Ондай кездері дәрігер науқастың үсік шалған аяқ-қолдарын кесуге мәжбүр болады.
Мұса ЖАҚСЫБАЕВ,
Петропавл қалалық №1 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp