«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Өрметөс

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Тағамның бұл түрі қыздың ата-анасына, сүйікті жарына деген құр­меттен туындаған.

Семіз қозының екі жағынан кесілген төстік бөлігі өз пішінімен ұшу кезінде қанаттарын қақ жайған құсты елестетеді. Етке тұз, бұрыш, хош иісті шөптер сеуіп, сарымсақ, кейде қызанақ бөлектерін қосып, орама етіп орап, екі жағынан ортасынан бастап аш ішекпен қосып өреді. Кейбір шеберлер мерекелік тағам дастарқанында әдемі болып тұру үшін иілімді ішекті оюлы тор тәріздес етіп жасайды. Барлығы оралып, бекілген cоң өрметөс қайнап тұрған суға салынады, барлық шырындарды және хош иістерді ішінде сақтай отырып дайын болғанға дейін қайнатылады. Нәтижесінде ерекше дәмді, жұмсақ және пайдалы тағам дайындалады. Оның құрамында тері және буындарды тонуста ұстап тұру үшін қажетті коллаген және эластин бар.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp