«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 18.01.2021

ҚОҚЫС ТӨГУДЕГІ ТҮЙТКІЛДЕР

Петропавлдық қоғам белсенділері Руслан Асаубаев пен Жан­серік Қуанышев заманауи технологияны қолдана отырып, эко­ло­гиялық тергеу жүргізді. Олар облыс орталығы маңын­да­ғы қо­қыс полигондарының аумағы ұлғайып бара жатқанын айтады.

ҮШ ТАРАПҚА ДА ТИІМДІ

Өңірде 13 кәсіпорын өзіне қажет мамандарды даярлау үшін оқыту орталықтарын ашқан. Былтыр 543 адам сол оқу орталықтарында қайта даярлықтан өтті. Солтүстік Қазақстан облыстық кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметінің мәліметінше, палата, жергілікті атқарушы билік және кәсіпорындар арасында 6 жылдан бері дуалды білім беру бойынша Жол картасы жүзеге асырылуда. Нәтижесінде студенттер кейін өздері еңбек ететін кәсіпорында өндірістік тәжірибеден …

ҮШ ТАРАПҚА ДА ТИІМДІ Read More »

ӘСКЕРДЕ СУИЦИДКЕ ЖОЛ ЖОҚ!

Облыс орталығындағы №6637 әскери бөлімінде жауынгерлердің өз-өзіне қол жұмсауының алдын алуға арналған жиын өтті. Кездесу барысында Ұлттық ұланның “Орталық” өңірлік қолбасшылығының әскери тергеу басқармасының қызметкерлері сарбаздарды суицидтен сақтандырды.

АМАНАТ

Күн жұма. Қызылжардағы салынға­нына бір ғасыр болған көк мешіттен шығып келе жатқанбыз. Есік алдында үсті-басы алба-жұлба екі әйел отыр. Шаштары айлап тарақ көрмеген, күс-күс болған көйлектерінің мө­рін айыру қиын. Әрі-бері өткендерге көздерін сүзіп, алақан жаймайды, демек қайыршы емес. Бастары салбыраңқы. Онсыз да мына түрлерінен ұялып отыр-ау деген оймен жандарынан елемеген кейіп танытып өте бергенмін, біреуі …

АМАНАТ Read More »

КӨМЕГІ КӨП ҚОНДЫРҒЫ

Облыстық ауруханада жаңа цифрлық ангиограф іске қосылды. Бұл аппарат шұғыл рентгенхирургиялық қызметті атқарып, инсульт пен инфаркт кезінде күрделі оталарды жасауға мүмкіндік береді. Ең маңыздысы, мидағы тромбты анықтап, жоюда көмегі орасан. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов осызаманғы жабдықтың жұмысымен танысып, дәрігерлермен тілдесті.

АДАМҒА МАЛДАН ЖҰҒАДЫ

Бруцеллез – жұқпалы әрі созылмалы ауру. Ауыл шаруашылығы жануарлары бруцеллез­бен ауырған жағдайда іріңді, кейін фибринозды эндометрит, маститтің дамуы салдарынан қағанақтың кідіруі, аналық бездің және фаллопий жатыр түтігінің зақымдануы белгілері байқалады. Жыныс жолдарының зақымдануы малдың қысыр қалуына әкеліп соқтырады.

ҮЗДІК ҮШТІКТЕ

Қостанай қаласында жүзуден көпсайыс бойынша Қазақ­стан чемпионаты аяқталды. Дәстүрлі додаға 17 команда, 180-нен астам спортшы қатысты. Біріншілікте өңір намысын қорғаған облыс құрамасы жалпыкомандалық есепте үшінші орынға ие болды.

Қазақстанда ерікті вакцинадан қайтыс болса қанша теңге төленеді?

Қазақстандық QazСovid-in вакцинасын сынақтан өткізу кезінде ерікті қайтыс болса 500 мың теңге мөлшерінде сақтандыру көзделген. Бұл туралы клиникалық сынаққа қатысатын еріктілердің бірі хабарлаған.

«QAZBILIM» – Қызылжарда

Облыс орталығында республикалық «QAZBILIM» орталығының бөлімшесі ашылып, алғашқы семинар-тренинг ұйымдастырылды.

Ресейліктер жаппай вакцина салғызып жатыр

18 қаңтардан бастап Ресейде екпе ектіруге тілек білдергендер үшін жаппай вакцинация басталады. Ресейліктер елде тіркелген «Спутник V» немесе «Эпиваккорона» вакцинасын тегін салдыра алады.

ЖАСАРҒАН МӘСЛИХАТ – ЖАҢА МІНДЕТТЕР

Жаңадан сайланған жетінші шақырылымдағы Солтүстік Қазақстан облыстық мәсихатының бірінші сессиясы өтіп, депутаттар жиналысында негізінен ұйымдастыру мәселелері қаралды. Оның жұмысына облыс әкімі Құмар Ақсақалов қатысты.

Миллионнан айырылды

Биылғы жылдың жарты айы ішінде оны алты қала тұрғыны интернеттегі алаяқтардың арбауына түсіп қалды. Облыс орталығының тұрғынына қаскөйлер хабарласып, оның депозиттік шотын біреу бұзғалы жатқанын, сондықтан қосымша шот ашып, соған ақша аудару қажеттігін хабарланған. Тосын хабардан сасып қалған әйел өзін банк қызметкерімін деп таныстырған қоңырау шалушыға сеніп, ол көрсеткен барлық әрекеттерді жасаған. «Қамқоршы» қызметкер өзі …

Миллионнан айырылды Read More »