Петропавл қаласында мефедрон сатқан 29 жастағы ер адам мен 19 жастағы қыз тиісінше 12 және 7 жылға бас бостандығынан айрылды.
Мефедронның не екенін көп адам біле бермейді. Ол – адамды есінен жылдам айырып, өзіне тәуелді қылатын синтететикалық есірткі. Есірткі таратушылар жазда ұсталған, ал соттың үкімі жуырда шықты. Бұл жұлынқұртты петропавлдық жігіт Ресейдің Омбы қаласынан Петропавл арқылы логистикалық қызмет арқылы жасырын жолмен Көкшетауға жеткізуді ұйымдастырған. Қызылжарлық ізшілдер оны ұстағанда 200 грамм есірткіні қолға түсірген. Бұл аса ірі есірткі көлемі деп саналады. Ол жүздеген жастың өмірін сергелдеңге салуға жетеді. Есірткі туралы ақпаратты таратуда интернет-ресурстар қолданылған. Таратушы әйел оны шағын дозаларға бөлшектеп, арнайы жерлерге қалдырып отырған.