Биылғы жылдың жарты айы ішінде оны алты қала тұрғыны интернеттегі алаяқтардың арбауына түсіп қалды. Облыс орталығының тұрғынына қаскөйлер хабарласып, оның депозиттік шотын біреу бұзғалы жатқанын, сондықтан қосымша шот ашып, соған ақша аудару қажеттігін хабарланған. Тосын хабардан сасып қалған әйел өзін банк қызметкерімін деп таныстырған қоңырау шалушыға сеніп, ол көрсеткен барлық әрекеттерді жасаған. «Қамқоршы» қызметкер өзі қосымша шот ашқанын, ақшаны сол шотқа аударуды сұраған. Осылайша алаяқтар бір миллион теңгені оп-оңай қолды қылған.
Жүргізіліп жатқан түсіндіру жұмыстарына қарамастан, қала тұрғындары алаяқтардың арбауына түсіп қалады. Ондай жағдайға душар болмас үшін байланыс телефондары арқылы банкке хабарласып, өз жинақтарыңыздың сақталуына көз жеткізген дұрыс. Алаяқтар өздерін сатушы немесе сатып алушы ретінде таныстырып, интернеттегі хабарландыру арқылы қылмыстық әрекеттерін жүргізу оқиғалары да жиілеп кетті.