«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚОЙМАДАҒЫ ПАТРОН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қаласының тұрғыны полиция қызметкерлеріне өз қоймасынан мырыш қорап тауып алғанын хабарлап, телефон шалған. Онда 5,45*49 калибрлі 990 патрон болған. Ер адам үйді 14 жыл бұрын сатып алғанын және қойманың түкпірінде жатқан ескі заттарды жақында ғана жинастырғанын айтқан. Шақыру бойынша келген полиция қызметкерлері барлық патрондарды алып, сараптамаға жіберді.

– Алынған заттар – монтаждау немесе «құрылыстық» деп аталатын патрондар, – дейді екінші полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция майоры Гүлмира Сағитова. – Оның қолданысқа жарамдылығын сараптама көрсетеді. Қалай айтсақ та, петропавлдықтың әрекеті орынды. Басқа қылмыс құрамы болмаса ол оқ-дәрілерді заңсыз сақтағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктен босатылады. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp