«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАЛАЛАР ҚИЯЛЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық бейнелеу өнері мұражайында «Рождественские фантазии» тақырыбында балалардың суреттері мен сәндік-қолданбалы өнер конкурсының қорытындысына арналған XI халықаралық көрме ашылды. Аталмыш байқау Петропавл және Булаев эпархиясы, «Россотрудничество» федералды агенттігі өңілдігінің қолдауымен «Единение» бірлестігі және тағы бірқатар ұйымдардың мұрындық болуымен өтуде.

Дәстүрлі конкурс жалпымәдени және рухани-адамгершілік құндылықтарды, ел аумағында тұратын этнос өкілдерінің дәстүрлеріне деген құрметті қалыптастыру, дарынды балалардың шығармашылығына қолдау білдіру мақсатында ұйымдастырылды.

Көрменің ашылу салтанатында жас таланттарға ақ тілегін арнаған Петропавл және Булаев епископы Владимир конкурстың тарихына тоқталып, Рождество мейрамының мән-маңызын атап өтті. Алғашқыда тек санаулы мектептер арасында өткен бұл байқау бүгінде халықаралық мәртебеге ие болып, 700-ден астам баланың өнерге, шығармашылыққа деген ынта-ықыласын арттыруда.
Пандемия талаптарына сәйкес, жеңімпаздарға сертификаттар мен дипломдар, сыйлықтар жеке-жеке табысталды. Ал олардың еңбектері облыстық бейнелеу өнері мұражайы ұсынған көрмеге қойылды. Көрме қаңтар айының соңына дейін жұмыс істейді.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp