«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАСАРҒАН МӘСЛИХАТ – ЖАҢА МІНДЕТТЕР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жаңадан сайланған жетінші шақырылымдағы Солтүстік Қазақстан облыстық мәсихатының бірінші сессиясы өтіп, депутаттар жиналысында негізінен ұйымдастыру мәселелері қаралды. Оның жұмысына облыс әкімі Құмар Ақсақалов қатысты.

Сессия облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ерболат Бекшеновтың барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлау қорытындысы туралы хабарламасымен басталды. Қаңтардың 10-ы күні өткен дауыс беру нәтижесінде облыстық мәслихаттың жетінші шақырылымының құрамына партиялық тізім бойынша «Nur Otan» партиясынан –24, «Ауыл» және «Ақжол» партияларының әрқайсысынан 3 депутаттан кірді. Депутаттар арасында мәдениет, спорт, өндіріс, ауыл шаруашылығы, бизнес салаларының, бұқаралық ақпарат құралдары мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері бар. Жаңа құрамға 9 әйел және 35 жасқа дейінгі жастар еніп отыр. Халық қалаулыларының орташа жасы 44-ті құрайды. Депутаттардың ең жасы – 20-да. Бұл көрсеткіш облыстық мәслихатты әйелдер үлесінің 80 пайызға өскенін, орташа жастың 12 жылға төмендегенін көрсетеді.
Сессия барысында жаңадан сайланған депутаттарға салтанатты жағдайда куәліктері мен арнайы төсбелгі табыс етілді. Облыстық мәслихаттың хатшылығына Владимир Бубенконың кандидатурасы ұсынылып, бірауыздан сайланды.
 Еркебұлан Мәмбетов экономика, экология, бюджет, салық және қаржы, Ирина Эктова халықтың денсаулығын сақтау, оны әлеуметтік қорғау, білім, мәдениет және жастар ісі, Біржан Жалғасбаев депутаттық өкілеттік, азаматтар құқығы және заңдылықтар, қоғамдық ұйымдар және бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиялардың төрағалары болып бекітілді.
Сессияда экономика басқармасының басшысы Әрсен Қазбеков облысты дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасының жобасы туралы баяндады.
Облыс әкімі Құмар Ақсақалов жаңа сайланған депутаттар корпусына өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларын жүзеге асыруға атсалысып, белсенді жұмыс істеуге тілектестік білдірді. 
Қайрат САДЫҚОВ,
облыстық мәслихаттың баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp