«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҮЗДІК ҮШТІКТЕ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қостанай қаласында жүзуден көпсайыс бойынша Қазақ­стан чемпионаты аяқталды. Дәстүрлі додаға 17 команда, 180-нен астам спортшы қатысты. Біріншілікте өңір намысын қорғаған облыс құрамасы жалпыкомандалық есепте үшінші орынға ие болды.

2006 жылы туған ер балалар мен 2008 жылғы қыздар сынға түсті. Жарыста қызылжарлық­тар сәтті өнер көрсетті. Бұрымды спортшылар тартысты өткен эстафетада екі бірдей жүлделі орынға қол жеткізді. Атап айтқанда, нәзік жандар 50 метрлік аралас және 25 метрлік еркін жүзу эстафеталарында үздік үштікті түйіндеді. Ұлдар да бұл нәтижені қайталап, үшінші орынға жайғасты.
Жекелей сындағы жарыстарда Егор Василенко еркін стильмен жүзіп, алтыннан алқа тағынса, Дмитрий Турукин брасс әдісімен жүзуде үшінші орынды місе тұтты.

Аманжол НҰРТАЗИН,
“Soltústik Qazaqstan”. 

Сурет: http://www.smsport.ru/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp