«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Covid-19: Вакцина салдырған 13 адамның беті сал болып қалған

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Израильдің 13 жергілікті тұрғыны «Pfizer» вакцинасының алғашқы дозасын салдырғаннан кейін бет жүйкесі біржақты сал болып қалғанын байқаған.

Мәселен, вакцина салғаннан кейін бірнеше минуттың ішінде бір тұрғынның ауыз бен жақ айналасында өзгерістер пайда болып, жансыздана бастаған.
Ер адамның айтуынша ол ауыз бен жағының жансыздануымен 28 сағатқа дейін жүрген. Бірақ басқа ауырсыну белгілерін сезбепті.
Айта кетейік, юет жүйкесі невриті немесе Белл сал ауруы – клиникалық зерттеулердің үшінші «Pfizer» вакцинасын салдырған адамда пайда болатын белгілі кері әсерлердің бірі.
Осындай кері әсерлерге қарамастан, Израиль Денсаулық сақтау министрлігі жергілікті тұрғындарды препараттың екінші дозасымен вакцинациялауды ұсынып отыр.
17 қаңтардағы мәліметтер бойынша, Израильде пандемия басталғалы 548 332 адам коронавирус жұқтырған. 4005 науқас қайтыс болды. Елде жаппай вакцинация 20 желтоқсанда басталды.

  https://egemen.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp