ҚОЙМАДАҒЫ ПАТРОН
Петропавл қаласының тұрғыны полиция қызметкерлеріне өз қоймасынан мырыш қорап тауып алғанын хабарлап, телефон шалған. Онда 5,45*49 калибрлі 990 патрон болған. Ер адам үйді 14 жыл бұрын сатып алғанын және қойманың түкпірінде жатқан ескі заттарды жақында ғана жинастырғанын айтқан. Шақыру бойынша келген полиция қызметкерлері барлық патрондарды алып, сараптамаға жіберді.