Барлық әлеуметтік маңызы бар бағыттардың теміржол билеттері 1 наурыздан бастап қымбаттайды.
«Тасымалдаушының әлеуметтік маңызы бар маршруттар бойынша жолаушыларды тасымалдауға байланысты шығыстарын ұзақмерзімді субсидиялауға арналған келісімдерге сәйкес, 2021 жылдың 1 наурызынан бастап жолаушыларды теміржол көлігімен тасымалдау құнын аймақаралық және қала маңы байланыстарындағы барлық әлеуметтік маңызды бағыттар бойынша 7% индекстеу жоспарланған», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, 2018 жылдан 2020 жылға дейін «Жолаушылар тасымалы» АҚ 159 вагон сатып алған. Олар келесі бағыттар бойынша жолаушылар пойыздарын жаңартқанын хабарлады: Алматы – Маңғыстау, Нұр-Сұлтан – Сарыағаш, Атырау – Нұр-Сұлтан, Атырау – Алматы, Нұр-Сұлтан – Арқалық, Атырау – Маңғыстау, Алматы – Жезқазған, Нұр-Сұлтан – Семей.
https://egemen.kz