Бұған дейін Парламент Мәжілісінің депутаты болған Кәрібай Мұсырман «Egemen Qazaqstan» РГ АҚ бас редакторының орынбасары қызметіне тағайындалды.
1957 жылы бұрынғы Көкшетау, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Дәуқара ауылында дүниеге келген. С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген.
Еңбек жолын 1973 жылы Володар элеваторының жұмысшысы болып бастаған. 1981-1985 жылдары – Солтүстік Қазақстан облыстық «Ленин туы» газетінің тілшісі, Жамбыл және Преснов аудандары бойынша меншікті тілшісі.1985-1990 жылдары – Көкшетау облыстық «Көкшетау правдасы» газетінің Щучье және Еңбекшілдер аудандары бойынша меншікті тілшісі, бөлім меңгерушісі, редакторы орынбасарының міндетін атқарушы. 1992-1997 жылдары – Көкшетау облыстық телерадиокомпаниясының төрағасы. 1997-2007 жылдары – Солтүстік Қазақстан облыстық телерадиокомпаниясы төрағасының бірінші орынбасары, төрағасы. 2007-2016 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Қызылжар – Ақпарат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, бас редакторы. 2016 жылғы 24 наурыздан 2021 жылға дейін – VІ шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.
Айта кетейік, Кәрібай Иманжанұлы 1990-1992 жылдары – республикалық «Социалистік Қазақстан» («Егемен Қазақстан») газетінің Көкшетау облысы бойынша меншікті тілшісі болған.
https://egemen.kz