«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 20.01.2021

Қазақстан Президенті Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевты қабылдады

Мемлекет басшысына өңірдің 2020 жылғы даму қорытындылары мен Президент тапсырмаларының орындалу барысы, сондай-ақ, Қазақстан халқына арналған Жолдаудағы міндеттерді жүзеге асыру жоспары жөнінде баяндалды.

КӘСІБИ МАМАНДАР ОШАҒЫ қызмет көрсету саласы колледжінің ашылғанына 90 жыл

Биыл И.Даутов атындағы қызмет көрсету саласы колледжінің ашылғанына 90 жыл толып отыр. Тарихы бай оқу орны жұмысшы мамандықтарын таңдаған жастардың сапалы білім алуына бар жағдайды жасап келеді. Колледж қабырғасынан осы уақыт аралығында мыңдаған түлек қанат қақты. Олардың көпшілігі өңіріміздің кәсіпорындарында, қоғамдық тамақтану орындары мен сұлулық салондарында еңбек етіп жүр. Кейбірі жеке істерін дөңгелетіп отыр.

САҢЛАҚТАРДЫҢ ІЗІ ҚАЛҒАН

Айыртау ауданында “Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020” мемлекет­тік бағдарламасы аясын­да бірқатар ауылдарда абаттандыру жұмыстары қолға алынып, спорттық-балалар алаңқайлары орнатылды. Жолдар жөнделіп, кө­шелер жарықтандырылды. Жаңарып, жаңғырған елді мекендердің бірі – Кирилловка. Мұнда мәдени-сауықтыру орталығын қалпына келтіруге қомақты қаржы жұмсалды.

АУЫЛЫМЫЗ ҚАЙТА ТҮЛЕДІ

Ерке Есілдің жағалауында орна­ласқан Еңбек ауылында бүгінде 30 отбасы түтін түтетіп отыр. Ертерек­те елді мекенде шаңырақ саны едә­уір көп болатын.

АЛАЯҚТЫҢ ТҰЗАҒЫНДА – АҢҒАЛДАР

Бүгінгі таңда интернетті пайдаланбайтын адам кемде-кем. Қарым-қатынас орнатып, сауда-саттық жасап, тіпті, коммуналдық төлемдерді де осы интернеттің көмегімен төлеп жүрміз. Бірақ оны игі мақсаттардан бөлек, арам пиғылмен пайдаланатындар да аз емес. Интернетті жақ­сы меңгерген алаяқтар оңай олжаға кенелу үшін неше түрлі жаңа айлашарғылар ойлап тауып жатыр.

КӨЗІМІЗДІҢ ҚАРАШЫҒЫНДАЙ САҚТАЙЫҚ

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар айының 5-ші жұлдызында бас газетіміз “Egemen Qazaqstan”-да “Тәуелсіздік – бәрінен қымбат” атты мақаласын жария етті. Мақаланың мазмұны мені қатты толғандырды, үлкен әсер алдым. Мақаламен танысқан мен сияқты алдыңғы буын өкілдерінің барлығы да ерекше тебіреністе болды деп ойлаймын.

АДАЛДЫҚ — БАСТЫ БАҒДАР

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жанынан құрылған республикалық “Adaldyq alańy” жобалық кеңсесінің өткен жылғы жұмысы қорытындыланды. Министрліктер мен жергілікті әкімдіктердің өкілдері “Zoom” платформасы арқылы бейнебайланысқа шыққан жиынға біздің өңірден облыс әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов қатысты.

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ — АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев “Жаңа жағдайдағы Қазақстан – іс-қимыл кезеңі” Жолдауында мемлекеттік басқарудың жаңа үлгілерін ұсынып, бұл саладағы реформаларды жүйелі түрде жүзеге асыру тиістілігін атап көрсеткені мәлім. “Бізге жаңа кадрлар, яғни кәсіби білікті, озық ойлы және бастамашыл мамандар аса қажет. Мемлекеттік қызмет қол жетпейтін жабық кастаға айналмауы керек”, – деп ескерткен болатын. Демек, негізгі мақсат – …

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ — АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ Read More »

ҮКІМЕТ БАСШЫСЫ – ҚЫЗЫЛЖАР ӨҢІРІНДЕ

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды. Жұмыс сапары аясында инвестициялық жобалардың іске асырылуын тексеріп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңес өткізді. Үкімет басшысы алдымен Петропавл қаласындағы «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағы аумағында ашылатын электр техникалық өнімін өндіретін жаңа зауыттың құрылыс барысымен танысты. Жоба құны – 10 млрд. теңге. Кәсіпорынның қуаттылығы 300 жаңа …

ҮКІМЕТ БАСШЫСЫ – ҚЫЗЫЛЖАР ӨҢІРІНДЕ Read More »

ҚАРИЯЛАРҒА ҚОЛҒАБЫС

Өңір жастары «Жақсылық жаса» акциясының аясында қарттарға қамқорлық көрсетуде. Облыс орталығында үйлерінің ауласын оппа қар басып, шығара алмай қиналып қалатын қариялар аз емес. Сондықтан олар “Қоғамдық даму және ақпарат орталығы” коммуналдық мемле¬кеттік мекемесінің жастар баста¬ма¬лары бөлімі мамандарының ұдайы назарында. Мәселен, жуырда жігіттер 85 жастағы еңбек ардагері Мәрзия Құрмашеваның үйінде болды. Кейуана мүгедек қызымен бірге тұрады. …

ҚАРИЯЛАРҒА ҚОЛҒАБЫС Read More »

ҚЫЗЫЛ АЙМАҚҚА ЕНДІК

Коронавирус індетінің таралу көрсеткіші бойынша Солтүстік Қазақстан облысы қайтадан қызыл аймаққа өтті. Қаңтардың 21-нен өңірде бірқатар шектеу шаралары енгізілді.

АЛҒАШҚЫ ЕМТИХАН

Биыл оқу бітіретін түзектер Ұлттық бірыңғай тест тапсыруға кірісті. Алғашқы емтихан қаңтардың 20-сы басталды. Бұл туралы М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің ректоры – басқарма төрағасының міндетін атқаршуы Ербол Исақаев айтып берді.

Балаларды вакцинациялауға қатысты жалған ақпарат тарады

Қазнетте Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, баланың вакциналау күні мектепте болуы вакциналауға берілген келісімге тең деген ақпарат тарады. Бұл туралы stopfake.kz хабарлады.

Қазақстанда 2021 жылғы ҰБТ сынағы басталды

Бүгін еліміздің барлық өңірінде Ұлттық бірыңғай тестілеу басталып, ақпанның 5-іне дейін жалғасады. Республика бойынша барлығы 143 тестілеу өткізу пунктінде 1 230 аудитория жұмыс істейді, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.