«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Балаларды вакцинациялауға қатысты жалған ақпарат тарады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазнетте Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, баланың вакциналау күні мектепте болуы вакциналауға берілген келісімге тең деген ақпарат тарады. Бұл туралы stopfake.kz хабарлады.

Шын мәнінде, хабарлама авторы сүйеніп отырған мәтінді ДДҰ 2014 жылы жариялаған және оның COVID-19 пандемиясына немесе осы ауруға қарсы вакцинациялауға еш қатысы жоқ.
«Сондай-ақ, бұл құжат іс-қимыл нұсқаулығы немесе ережелер жиынтығы емес. Таратылып жатқан постта ұсынылған дәйексөзден алынған абзацтың тақырыбында: “Вакцинациялауға келісім алудың кең таралған жолдары” делінген. Одан әрі мәтінде әр түрлі елдерде қолданылатын жазбаша, ауызша және болжалды келісім алу стандарттары сипатталған», деп жазады басылым.
Қазақстанда баланың вакциналау күні мектепте болуы процедураға берілген келісім ретінде қарастырылмайтыны айтылады.
“2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекске сәйкес, ҚР кез келген азаматы «емделуге және басқа да медициналық араласуларды, оның ішінде профилактикалық егулерді жүргізуге хабардар етілген келісім беруге немесе олардан бас тартуға» құқылы.
Бұдан басқа, 16 жастағы және одан асқан балалардың профилактикалық және консультациялық-диагностикалық көмек көрсетілуінен бас тартуға құқылы. Қорыта айтқанда, тарап жатқан ақпарат жалған және COVID-19-ға қарсы вакциналауға да, Қазақстанға да еш қатысы жоқ», делінген хабарламада.
 https://egemen.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp