«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛҒАШҚЫ ЕМТИХАН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Биыл оқу бітіретін түзектер Ұлттық бірыңғай тест тапсыруға кірісті. Алғашқы емтихан қаңтардың 20-сы басталды. Бұл туралы М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің ректоры – басқарма төрағасының міндетін атқаршуы Ербол Исақаев айтып берді.

– Облыс бойынша 5 ақпанға дейін болатын тестке барлығы 3400 мектеп бітіруші мен жоғары оқу орындарына шартты түрде қабылданғандар қатысады. 1100-ден астам адам университет қабырғасында ҰБТ тапсыруға өтініш берді. Бұл алғашқы сынақ болғандықтан, жан-жақты әзірлік жасалды. Коронавиус індетіне байланысты сақтық шаралары да ескерілді, – деді Ербол Маратұлы.
Мектеп бітірушілер емтиханды сәтті тапсырса жоғары оқу орындарының ақылы бөліміне түсе алады. Себебі ҰБТ бірнеше рет өтеді және мемлекеттік білім грантына жазда өтетін негізгі тестілеу нәтижесі бойынша ғана ие бола алады.
Тағы бір атап өтетіні, жоғары оқу орындарына шартты түрде қабылданған және бірінші семестрді аяқтайтын студенттер оқуын одан әрі жалғастыру үшін ҰБТ-ға қатысуға міндетті. Шекті балл жинай алмаған студент оқудан шығарылады. Жоғары оқу орнына ақылы негізде түсуге ниет білдірген талапкерлердің ҰБТ-ны бірнеше рет тапсыруға мүмкіндігі бар.
Ректордың айтуынша, биыл тест форматы өзгерген жоқ. Пәндер, балл саны – бәрі бұрынғыша. Барлық аудитория бейнекамералармен жабдықталған. Тыйым салынған заттар табылған және тәртіп бұзылған жағдайда тест нәтижелері жойылады. Тестілеу қорытындылары ҰБТ өткізу пункттерінде, жергілікті сайттарда жарияланады.
Диана ХАЛИМОВА,
М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дің
медиаорталығының бас редакторы.

Сурет: https://bilimdinews.kz/

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp