«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Германия карантинді 14 ақпанға дейін ұзартты

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Германия билігі қатаң карантиндік шаралардан бас тартпайтынын жеткізді. Федералды үкімет пен федералды жер билігінің өкілдері карантинді 14 ақпанға дейін ұзартуға келісті.

Қазіргі уақытта Берлинде қатаң шектеу шараларын енгізу мүмкіндігі талқылануда. Олардың ішінде – қоғамдық көлік жұмысына шектеу қою және қорғаныс деңгейі жоғары бетперделерді міндетті түрде тағу шаралары бар.
Италия Еуропадағы өлім-жітім бойынша екінші орында – өткен тәулікте 600-ден астам адам қайтыс болды. Ел Үкіметі коронавирустың «белсенді таралуының» жаңа кезеңін жариялады. Қазіргі уақытта карантиндік шектеу шараларымен аймақтар арасындағы қозғалысқа тыйым салынуда. Аталған шектеулер 15 ақпанға дейін, ал түнгі коменданттық сағат 5 наурызға дейін жалғасады.
АҚШ COVID-19 жұқтыру саны мен өлім деңгейі бойынша көш бастап тұр. Калифорния індетті жұтырғандардың саны 3 миллионнан асқан АҚШ-тың алғашқы штаты болды. Жалпы мемлекетте 24 миллионнан астам жағдай анықталған, 400 мыңға жуық ел азаматы қайтыс болған. Екі көрсеткіш бойынша да ел әлемде бірінші орында.

https://egemen.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp