«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Димаш Құдайбергеннің «DIMASH DIGITAL SHOW» концерті көрсетіледі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Димаш Құдайбергеннің алғашқы онлайн-концерті жанкүйерлерге керемет әсер сыйлады. Dears-тің өтінішіне байланысты шоу 31 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласы уақыты бойынша 20:00-де қайтадан көрсетілетін болады, – деп хабарлайды dimashnews.com.

Tixr стримингтік платформасы мен Димаш «DIMASH DIGITAL SHOW» қайталауын көрсетеді, бұл қазақстандық орындаушы шығармашылығының жанкүйерлеріне барлық біріккен Dears-тің сиқырын сезіне отырып, онлайн-чатта тағы да жүздесулеріне мүмкіндік береді.
Билеттері бар жанкүйерлерге қайтадан билет сатып алудың қажеті жоқ. Олар бис-шоуды қолда бар билеттер бойынша тамашалай алады. Оларды сатып алуға әлі үлгермеген жанкүйерлерге 31 қаңтарға дейін сатып алу ұсынылады.
Бұдан басқа, 31 қаңтар күні Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 22:30-да «DIMASH DIGITAL SHOW» көрсетілімінен кейін көптен күткен «Post-Show Q&A session» тікелей эфирі өтеді. Іс-шара барысында жанкүйерлер Димашты көруге, оған сұрақтар қоюға, онлайн-концерт туралы әсерлерімен бөлісуге, сондай-ақ әртістің жоспарлары туралы білуге мүмкіндік алады.
«Post-Show Q & A session» билеттері dimash.tixr.com. сайтында қолжетімді, олардың сатылымы кез келген уақытта жабылуы мүмкін.
https://egemen.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp