«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Елімізде ет бағасы қымбаттады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Energyprom-ның зерттеуіне сәйкес елімізде бір жыл ішінде еттің бағасы қымбаттады.

2020 жылдың үшінші тоқсанында әрбір қазақстандық орта есеппен 21,3 келі ет және ет өнімдерін тұтынған. Бұл 2020 жылдың екінші тоқсанымен салыстырғанда 1 келі және 2019 жылдың үшінші тоқсанымен салыстырғанда 1,4 келі артық.
Айта кетсек, ет тұтыну көрсеткіші еліміздің барлық өңірлерінде артты. Оның ішінде ет және ет өнімдерін тұтынатындар қатарында Қарағанды облысы тұрғындарын, онда әр тұрғын орта есеппен 26,8 келі ет жейді екен, одан кейін Ақмола облысының (25,4 кг) және Алматының (25,2 келі) тұрғындарын атап өтсек болады.
Ет тұтынудың өсуімен елде ет бағалары да айтарлықтай өсті. Бір жыл ішінде ең көп мөлшерде қой еті қымбаттады: бірден 16,2%-ға, бір келісі үшін 1990,3 теңгеге дейін, ал жылқы етінің бағасы 11,9%-ға, өсті, яғни бір келіге 2271,8 теңгеге қымбаттаған. Қазақстандықтар арасында көп алынатын сиыр етінің бағасы да 8%-ға, яғни бір келі үшін 1947,4 теңгеге дейін өскен.


https://egemen.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp