Ұлт баспасөзі мен журналистикасы, сөз өнері, білім беру жүйесі тарихындағы шығармашылық, ұйымдастырушылық, ұстаздық еңбегімен ерекшеленген өрен тұлға – Жиенғали Тілепбергенов еді.
Ол “Уфадағы әйгілі “Ғалия” медресесінде жан-жақты білім-ғылым тарауларымен қаруланды, қанаттанды. Айтулы білім ордасында Бейімбет Майлин және Сәйфи Құдашпен бірге оқыды. “Садақ” қолжазба журналында қаламгерлік қабілетін ұштап шыңдады, қалайша ой толғау мен сөз саптаудың құпия сырларына үңілді, Ұлы даланың тағдырына, ұлт болып ұйысудың жайына, отаршылдық саясат туындатқан замананың күрделі қайшылықтарына, “Советский” атқамінерлердің оғат, ағат қылық-мінездеріне суреткерлік көзбен, сұңқар көңілмен көрегендік пен көсемдік танытты.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы Серік Негимовтың мақаласының толық нұсқасын газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар.