Биыл И.Даутов атындағы қызмет көрсету саласы колледжінің ашылғанына 90 жыл толып отыр. Тарихы бай оқу орны жұмысшы мамандықтарын таңдаған жастардың сапалы білім алуына бар жағдайды жасап келеді. Колледж қабырғасынан осы уақыт аралығында мыңдаған түлек қанат қақты. Олардың көпшілігі өңіріміздің кәсіпорындарында, қоғамдық тамақтану орындары мен сұлулық салондарында еңбек етіп жүр. Кейбірі жеке істерін дөңгелетіп отыр.
Білім ордасының шежіресі 1930 жылы қаламыздағы ет комбинатының жанынан ашылған фабрика-зауыттық училищеден бастау алады. 1966 жылы кәсіптік училищеге Кеңес Одағының Батыры Искандер Даутовтың есімі берілді. Ержүрек жауынгер 1937 жылы осы білім ошағын тамамдаған. Бір ғасырға жуық уақыт ішінде оқу бағдарламасына нарықтың сұранысына сай түрлі мамандықтар кіргізіліп, заман ағымынан қалыспай келеміз. Мәселен, 30-шы жылдары шеберлерге деген қажеттілікті ескерсек, бүгінде егемен еліміздің экономикасын көтеруге үлес қосатын кәсіби жұмысшыларды даярлап келеміз. Қазір колледжде наубайшы, макарон жасау ісінің маманы, аспаз, шаштараз бен визажист, тігіншілер оқытылады.
Мақаланың толық нұсқасын газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар.