«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӨЗІМІЗДІҢ ҚАРАШЫҒЫНДАЙ САҚТАЙЫҚ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар айының 5-ші жұлдызында бас газетіміз “Egemen Qazaqstan”-да “Тәуелсіздік – бәрінен қымбат” атты мақаласын жария етті. Мақаланың мазмұны мені қатты толғандырды, үлкен әсер алдым. Мақаламен танысқан мен сияқты алдыңғы буын өкілдерінің барлығы да ерекше тебіреністе болды деп ойлаймын.

Мемлекет басшысы: “Тоталитарлық кезеңде ұлттық құндылықтарымыздан, тілімізден, діліміз бен дінімізден айырылып қала жаздадық. Оның бәрі Тәуелсіздігіміздің арқасында халқымызға қайта оралды. Бірақ ұлт пен ел ретінде сақталып қалу үшін бүгінгі және болашақ ұрпақ жаңа сын-қатерлерге дайын болуы керек!” – деген еді. Осы талапқа сай болу үшін, бізге сананы жаңғырту және ұлтымыздың жаңа болмысын қалыптастыру қажет. Ол үшін қазіргі заманның жаманы мен жақсысын ажырата біліп, тамырымыздан айырылып қалмауымыз, ұлттық болмысымызды, төл мәдениетімізді, салт-дәстүрімізді нық ұстанып, күнделікті өмірімізде қолдана алуымыз керек. Мен әрқашан қазақтың ұлттық киімімен жүремін және жүрген жерімде үнемі сый-құрмет көремін. Мүмкін, менің үстімдегі оюлы киімім маған сыйластық әкелетін шығар? Менің қажы сіңлілерімнің бәрі де ұлттық нақышта безендірілген көйлек пен қамзол киіп жүреді. Менің ойымша, қазіргі таңда әрқайсымыздың ұлттық киіммен жүруге мүмкіншілігіміз бар.
Ардагер ұстаз Қымбат Исманованың мақаласының толық нұсқасын газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp