Өңір жастары «Жақсылық жаса» акциясының аясында қарттарға қамқорлық көрсетуде. Облыс орталығында үйлерінің ауласын оппа қар басып, шығара алмай қиналып қалатын қариялар аз емес. Сондықтан олар “Қоғамдық даму және ақпарат орталығы” коммуналдық мемле¬кеттік мекемесінің жастар баста¬ма¬лары бөлімі мамандарының ұдайы назарында. Мәселен, жуырда жігіттер 85 жастағы еңбек ардагері Мәрзия Құрмашеваның үйінде болды. Кейуана мүгедек қызымен бірге тұрады. Қолдарында күректері бар жастарды көрген олар қуаныштарын жасыра алмады. Жастар айналасы бір сағаттың ішінде ауланы қардан тазалап, көлденең жатқан заттарды көзден таса жерге жинады.
Осындай игі іске риза болған кейуана жастарға ақ батасын берді. “Волонтерлер біздің үйге бірінші рет келіп тұрған жоқ. Осыған дейін де көмірімді кіргізіп, су тасып берді, маңайды жинастырды. Көмек беруге әзір қайырымды ұл-қыздары бар елдің болашағы нұрлы болары сөзсіз”, – деді қария.
«Жақсылық жаса» акциясының аясында жастар 80-нен астам ауланы қардан тазартқан. Бұл шара көктемге дейін жалғасады.