Желіде тарап жатқан хабарламада Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Батыр ауылының тұрғыны вакцина салдырып, кейін қайтыс болғаны айтылады.
«Асқар Төңгеұлы бауырымыз вакцина салғаннан қайтыс болыпты! Вахтаға кетер алдында КВИ тестінен өтіп және вакцина салдырған көп ұзамай қайтыс болған. Асқар бауырымыздың туғандарына қайғырып көңіл айтамын!», – делінген хабарламада.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев осы хабарламаға пікір білдірді.
«Биыл 19 қаңтарда 1978 жылғы ер адамның қан қысымы жоғарылап, соның салдарынан қайтыс болған. Ол ешқандай вакцина алған жоқ», деді Е. Байтанаев.
Оның айтуынша, короновирусқа қарсы вакцина Маңғыстау облысына жеткізілмеген. Вакцинаның бірінші партиясын аймаққа жеткізу 28-29 қаңтарға жоспарланған.
https://egemen.kz